Алғашқы қоңырау: білім мен жаңа үміттер салтанаты
01.09.2024 жылы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 мектеп-лицейі" КММ-де "МЕКТЕБІМ МЕРЕЙІМ МЕКЕНІМ" атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бірінші сынып оқушылары үшін ғана емес, сонымен қатар туған лицей қабырғасында өткен жылдың басы болатын түлектер үшін де ерекше. Биылғы жылы біздің лицейдің қатарын 121 бірінші сынып оқушылары толықтырды. Олар үлкен және тату мектеп отбасының бір бөлігі бола отырып, мектептің