Неделя полиязычия
Көптілділік апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жоламанова Б.М. мен ағылшын тілі мұғалімі Казначеева О.А. 5Б сыныбында «Полиглот» интеллектуалды ойынын өткізді. Іс-шараның мақсаты - оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз отанын сүюге баулу. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді.