Соңғы қоңырау-2023. Последний звонок-2023
Бүгін 1 маусымда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№11 мектеп-лицейі" КММ-де оқу жылының аяқталуына және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айбарша Зейнолланқызы Нұрпейісова қатысып, оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, 2023 жылғы түлектерге емтихан мен ҰБТ тапсыруда табыс тіледі. Мектеп директоры Икамбаева Қарлығаш Ракымгазынқызы оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағаздарын табыс етті, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады. Мереке әсерлі өтіп, түлектердің вальсімен және мектеп әнұранын орындаумен аяқталды.
Сегодня 1 июня в КГУ «Школа-лицей №11» отдела образования по г.Усть-Каменогорску управления образования ВКО прошло торжественное мероприятие, посвященное окончанию учебного года и Международному Дню защиты детей. На торжественном мероприятии присутствовала руководитель городского методического кабинета отдела образования по г.Усть-Каменогорску управления образования ВКО Нурпеисова Айбарша Зейноллановна, которая поздравила учеников, педагогов и родителей с окончанием учебного года и пожелала выпускникам 2023 года успехов в сдаче экзаменов и ЕНТ. Директор школы Икамбаева Карлыгаш Ракымгазыновна вручила похвальные листы учащимся, окончившим учебный год на отлично, а так же поздравила победителей и призеров международных, республиканских, областных и городских конкурсов и олимпиад. Праздник прошёл душевно и трогательно, завершился вальсом выпускников и исполнением гимна школы.