01
октябрь
2024
Шәкірттер жүрегіне жол тапқан Ұлағатты Ұстаз

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп жүрген еңбекқор ұстаздарымыздың бірі - Сайкенова Гульмира Кабибирахмановна. Гульмира Кабибирахмановна Шығыс –Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «№11 мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Жұмыс өтілі 36 жыл. Осы біршама жыл арасында, талмай тынбай еңбек етіп, қазақ тілінің дамуына, қазақ балаларының өсуіне, өнуіне үлес қосқан. Қазақ халқымыз «... білім – өмір шырағы» дейді. Бұлай деп бекер айтпаса керек. Себебі, Гульмира Кабибирахмановна өзінің мол жетістігіне тек жоғары білімінің арқасында жетті. Ол кісі 1982 жылы Өскемен педагогикалық институтының «математика» факультетінен білім алып, педагог жолын бастаған. Кейіннен, 1999 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекттік Университетінің «қазақ тілі мұғалімі» факультетін аяқтаған. Білім беру саласында қызмет ете жүріп, әрдайым ізденісте, талпыныста болған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, шәкірттерін әртүрлі сайыстарға дайындап қатыстырып көп еңбектенеді. Сонымен қатар, сол еңбекқорлығының арқасында 2000 жылы Қазақстан Мемлекеттік Заң Академиясынан «Заңгер» мамандығы бойынша білім алады.
Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Гульмира Кабибирахмановна өзінің ұстаздық жолында көп жетістікке жетеді. Ұстаздың шәкірті оза шапса, әуелі Алла, екінші ұстазының жемісі. . Гульмира Кабибирахмановна шәкірттерінің арасында жетістікке жеткендер көп. Олар тек Республика көлемінде ғана емес, халық аралық деңгейде білімдерін көрсетті. Мысалы: 2016-2017 оқу жылында Ресей Федерациясы Москва қаласында өткен V Халықаралық оқушылардың ғылыми –практикалық конференциясында 4-сынып оқушысы Манарбекұлы Омархан мадақтамамен марапатталады. 2016-2017 жылдары Чехия мемлекетінің Прага қаласы мен Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында өткен XIII Халықаралық бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасында 2-сынып оқушысы Советова Аружан диплом, сертификат сыйлықтармен марапатталады.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Гульмира Кабибирахмановна тынбай еңбектене келе жоғары санатын 1998 жылы алды. Осы жылдар арасында мемлекеттік тілді қолдау аясында Өскемен қаласында «Шәкірт» атты жексенбілік мектеп ашып қазақ тілін насихаттады. Демалыс күндері 148 басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытып жүрді. Содан кейін, оқушыларын Шығыс Қазақстан телеарнасына шығарды. Осы телеарнада «Қазақ тілі сабағы» атты бағдарламаны тележүргізуші ретінде 10 жылдан астам уақыт жүргізді. Оқушылары өздерінің алған білімдерін телеарна арқылы жаттықтырып отырды, әртүрлі сайыстарға, олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Осы кезеңде өзі де көптеген мадақтау қағаздары мен мадақтамаларға ие болды. Сондай-ақ, 2000-2010 жылдар арасында мемлекеттік қызметкерлерге сабақ берді. 2007 жылы Астанада өткен 1Республикалық медиофестивальда жүлделі орынға ие болып, дипломмен марапатталады. 2015жылы Республикалық сайысқа жұмыстарын жіберіп Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» кітабына жұмысы туралы мақаласы басылып шықты.
Сонымен қатар еңбегі халықаралық дәрежеде еленіп 2015-2016 жылдары Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің алғыс хаттарымен марапатталады.
Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Оқушылар арасында зор құрметке ие болған Гульмира Кабибирахмановна әріптестеріне де аса сыйлы тұлға. Барлық адаммен тез тіл табысқыш, жайдары адам. Барлық орта буын мен жас мамандарға үлгі боларлық тұлға. Мектебімізде Гульмира Кабибирахмановнаның жетекшілігімен ашылған қазақ халқының мәдениетіне байланысты мұражай жұмыс істейді. Мұражайды ашудағы мақсат өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін насихаттау. 20 жылдан астам уақыт әртүрлі бұйымдар жинап, осы уақытқа дейін толықтырып отырады. 2016 жылы Сингапурдан келген делегация мүшелері мұражайда болып, тамашалап қонақ болды.
Қазіргі таңда Гульмира Кабибирахмановна «НүрОтан» партиясының мүшесімін және партия ұйымының төрайымымын, №86 қалалық сайлау учәскесінің төрайымы. 2016 жылы жоғарғы ұйымдардың алғыс хаттары мен марапаттау қағаздарының иегері болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен марапатталды.
Ұлы ақындарымыз, батырларымыз, жоғары білімді ғалымдарымыз мына ұстаныммен өмір сүрген: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет.
Осындай білікті де білімді ұстаздарымыз өз уақыттарын аямай, шәкірттерімізге білім нәрін беріп келе жатыр. Олардың еңбектерін бағаламауға болмайды. Әр оқушының жан дүниесіне үңіліп, сырласа білу, олардың жүректеріне жол табу, ата-аналардың көңілін табу- осының бәрі ұстаздардың ерең еңбегі. Ұстаздық жолы ауыр жол. Сондықтан да қай заманда болмасын ұстазға деген құрмет жоғары болған. Ұстаздың берген білімін тәрбиемен алған шәкірт – ұстазынан асар деп бекер айтпаған. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған.